Иран билігі бұрынғы президентті елден шығармай отыр

Cеид Мұхаммед Хатами.

Иранда билік белгілі саясаткер, бұрынғы президент Сеид Мұхаммед Хатамидің елден шығуына тыйым салды.

Бұл туралы ирандық Jahan-News сайты атын атамауды өтінген ресми билік өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Хатами Еуропадағы балаларына барып, Ирландиядағы семинарға қатысуы керек еді.

Иран билігі бұл шешім жайлы әзірше ештеңе деген жоқ.