Жоғалған саяхатшылар Өзбекстаннан табылды

Майдантау жотасы.

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен бір топ саяхатшы табылды деп хабарлады бүгін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Жоғалған туристерді іздеу штабының жетекшісі Марат Құрманов туристерді шілденің 14-15-і күндері Өзбекстанның қауіпсіздік қызметі ұстаған деді. Оның сөзіне қарағанда, барлық саяхатшылар аман-есен.

Осыған дейін Майдантауға шығамыз деп жоспарлаған 12 адамнан құралған саяхатшылар тобы 20-шы шілдеде қайтулары керек болған. Бірақ олардан мүлде хабар болмаған. Оларды құтқару шараларына 12 адам тартылған болатын.