"Әл-Қаида" ұйымының жаңа басшысы Айман әз-Завахири Сирия шерушілерін АҚШ пен Израильге сенбеуге шақырды.
Ол интернет арқылы бейне-жолдау таратты. Онда әз-Завахири АҚШ пен Израильдің Сирия шерушілеріне ықыласы шынайы емес деді.
Египеттен шыққан Айман әз-Завахири Усама бин Ладенннің орнына маусым айында "әл-Қаиданың" жетекшісі болып тағайындалған еді.
Төрт ай бойы билікке қарсы тұрған Сирия шерушілеріне бұл ұйымның ықпалы қаншалықты екендігін дәлелдейтін дәйек әзірге жеткіліксіз.
АҚШ Сирияның шерушілерді басып-жаныштағанын айыптаған еді. Шілденің басында АҚШ-тың Сириядағы елшісі Роберт Форд билікке қарсыларды қолдау үшін Хам қаласына барған болатын.