Пәкістанда қарулы топ шийт мұсылмандарына шабуылдады

кветта қаласында оққа ұшқан шийт өкілдерінің мәйітін тасып бара жатыр. 29 шілде. 2011

Пәкістан полициясының хабарлауынша, елдің оңтүстік-батысында азшылық шийт мұсылмандарын тасып бара жатқан автобусқа қарулы топ оқ атып, 11 адам қаза тапқан.

Полиция өкілі Кветта қаласындағы шабуылдан тағы екі адам жарақат алды деді. Оның айтуынша, Хазара қаласына бет алған автобустағы адамдар шабуылдаушылардың торуылына түскен.

Пәкістанда діни жікшілдік қақтығыстар жиі болып тұрады. Сүннит пен шийт мұсылмандары тату тұрғанына қарамастан, экстремистік топтар екі тараптың да өкілдерін үнемі нысанаға алады.