Еуропада да биржа индексі төмендеп кетті

Қор биржасы. Токио, 5 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Нью-Йорк қор биржасында бейсенбі күні, Азия биржаларында жұма күні таңертең қор нарығы көрсеткіші түскен соң, Еуропада да биржа индексі құлдырап кетті.

Нарық Лондон, Париж және Франкфурттегі биржаларда 2 пайызға дейін түсті.

АҚШ-тағы Dow Jones іскерлік белсенділік индексі бір күннің ішінде 500 пункт азайды. Бұл - әлемдік қаржы дағдарысының қиын кезеңі басталған екі жылдан бергі ең зор құлдырау. Инвесторлар тағы да рецессияға тақау тұрған АҚШ экономикасында мұның кесірі тие ме деп қауіптеніп отыр.