Әзербайжанда исламшыл белсенділер тұтқындалды

Әзербайжан картасы

Әзербайжан полициясы екі танымал исламшыл белсендіні қамауға алды.

Тыйым салынған Әзербайжан ислам партиясы төрағасының орынбасары Ариф Ганиев пен islam-azeri.az вебсайтының редакторы Рамин Байрамовтың бейсенбі күні тұтқындалғандығы бүгін мәлім болды.

Саясаткерге қандай айып тағылғандығы - белгісіз, ал вебсайт редакторының үйінен есірткі мен қару табылды делінеді.

Осыдан бір апта бұрын Ислам партиясының жетекшісі мен тағы басқа 6 белсенді "Әзербайжанның зайырлы үкіметін құлатпақ болды" деген айыппен сотқа тартылған болатын.

Мұнайға бай Әзербайжанда негізінен шиит мұсылмандары тұрады.