Мяньма оппозициясыны жетекшісі Аун Сан Су Чжи қайтадан қамалуы мүмкін деген ескертулерге қарамастан, алғашқы саяси сапарын бастады.
Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи бастаған 36 көлік Янгоннан 80 шақырым жердегі Багоға біркүндік сапармен шықты. Бұл Демократия үшін ұлттық оппозициялық лига жетекшісінің жеті жылдық үйқамақтан шыққаннан кейінгі бірінші сапары болып отыр.
Аун Сан Су Чжи үйқамақтан қарашаның 13-де босатылған болатын. Оның партиясының билікке келуіне әскери басшылық жол бермей келеді.