Нью-Йорк прокуроры судьядан халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс Канға тағылған айыптарды алып тастауды сұрады. Бұл туралы Стросс Канды сотқа берген әйелдің адвокаты Кеннет Томпсон хабарлады.
Мамыр айында гвинеялық иммигрант Нафиссатоу Диалло 62 жастағы Стросс Канды "мені зорламақ болды" деп айыптап, сотқа берген болатын. Кейінірек Диаллоның иммиграциялық құжаттарындағы өтірік мәліметтерге қатысты даулы сауалдар туып, прокурорлар Стросс Канның ісін сотта жалғастырмайтын болды.
Бүгін судья ресми түрде бұл істі алып тастайды.
Ал Францияда Стросс Канға 2003 жылы бір жазушы әйелді "зорламақ болды" деген айып тағылған.