НАТО: Триполидің басым бөлігі көтерілісшілердің бақылауында

Триполиде суретке түсірілген ливиялық көтерілісші. 23 тамыз 2011 жыл.

НАТО ресми өкілдерінің айтуынша, Ливия астанасынан келіп түсіп жатқан қарама-қайшы хабарларға қарамастан, Триполидің басым бөлігі көтерілісшілердің бақылауында.

НАТО баспасөз хатшысы полковник Роланд Лавуа Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Триполи негізінен Каддафиге қарсы күштердің бақылауында екенін мәлімдеді. Мұны ливиялық көтерілісшілер де растап отыр.

Басқа да хабарларға қарағанда, Ливия басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Ислам 23 тамыз күні Триполиде жақтастарымен кездесті. Осыдан бір күн бұрын Сейф әл-Ислам жайлы "тұтқындалды" деген хабар тараған еді. Ол оппозициялық көтерілісшілерді «сатқындар» деп атап, Каддафи режимін қолдаушыларды Ливия астанасы Триполидің 95 пайызын өз бақылауына алғанын айтқан көтерілісшілермен күресуге шақырды.