Мұсылмандардың мерекесі күні Сирияда тағы бірнеше адам өлтірілді

Сириядағы наразылық шарасы. 19 тамыз 2011 жыл.

Бүгін айт мерекесінің алғашқы күні Сирияда наразылық шаралары өтіп жатыр.

Сирия белсенділерінің айтуынша, қауіпсіздік күштері Дераа, Хомс және Дамаск қалаларында наразылық танытушыларға оқ атқан. Жергілікті үйлестіру комитеті белсенділері желісінің мәліметінше, Дераада кемінде 6 наразылық танытушы, ал Хомста бір шеруші өлтірілген.

БҰҰ-ның болжамына сәйкес, Сирияда үкіметке қарсы шерулер басталғалы бері 2200 адам өлтірілген.