Медведевтің сапары қарсаңында Душанбеде Ресей ресми өкілі көз жұмды

Душанбедегі Hyatt Regency қонақ үйі

Президент Дмитрий Медведевтің Тәжікстанға жоспарланған сапарынан бір күн бұрын Душанбеде Ресей қауіпсіздік қызметінің өкілі қайтыс болды деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Махмадулло Асадуллоевтың мәлімдеуінше, подполковник Владимир Кузнецов сәрсенбі күні кешке Hyatt Regency қонақ үйіндегі өз бөлмесінде өлі күйінде табылған. Асадуллоевтың айтуынша, Кузнецов жүрек ауруынан көз жұмған.

Владимир Кузнецов президент Медведевтің бүгінгі ресми сапарына дайындалу үшін Тәжікстанға барған.

Дмитрий Медведев Душанбедегі ТМД саммитіне қатысып, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан президенттерімен жеке кездеседі деп жоспарланған.