Атырау облыстық соты террорлық актілер жасауға әзірленген деген күдікпен ұсталған 8 адамды тұтқындауға шешім шығарды деп хабарлайды «Интерфакс Қазақстан» агенттігі.
Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, сот оларды екі ай қамауда ұстауға санкция берген. Сонымен бірге қазір сот әлгіндей күдікпен ұсталған тағы төрт адамды қамауға алу туралы мәселені қарап жатқанын айтты облыстық соттың өкілі.
Тамыздың 29-ы Атырауда 18 адам ұсталып, олардың алтауы сот шешімімен тұтқындалғаны туралы бұған дейін Азаттық радиосы хабарлаған. Құқық органдары күдіктілердің бірі өзін ұстауға барған заң өкілдеріне қарулы қарсылық көррсетіп, оққа ұшқанын айтқан еді.
Прокуратура бұлар "террорлық шабуылдар жасауға әзірленген" деп сезіктенеді.