Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде Ауғанстан, Пәкістан, Ресей және Тәжікстан президенттері бас қосып аймақтағы қауіпсіздік пен сауда-экономикалық мәселелерді талқылайды.
Тәжік сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, төрт ел басшыларының кездесуінде терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес, Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру және даму мәселелері, сонымен қатар, энергетика, жол құрылысы мен ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобалар туралы сөз болады.
Кездесу қортындысы бойынша төрт президент бірлескен мәлімдеме жасайды деп хабарланып отыр.