"Қазақстан" толықтай қазақ тілінде хабар таратуға көшті

"Қазақстан" ұлттық телеарнасы толықтай мемлекеттік қазақ тілінде хабар таратуға көшіп, телеарнаның орыс редакциясы жабылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Орыс тіліндегі барлық телебағдарламалар қыркүйектің 1-інде тоқтатылды. Орыс редакциясы жабылып, барлық журналистер қызметінен босады", - деп мәлімдеген "Қазақстан" телеарнасының бұрынғы тілшісі.

Осы жылдың мамыр айында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Қазақстан" телеарнасы қыркүйекте толықтай мемлекеттік тілде хабар таратуға көшеді деп хабарланған болатын.