Еуропа Одағы көршілес елдермен байланыстарын талқылады

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон

Польшадағы бейресми жиында Еуропа Одағы сыртқы істер министрлері Беларусьпен және одаққа мүше болғысы келетін Украинамен қарым-қатынастары мәселесін талқылады.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың тұтқындалуына байланысты алаңдаушылық білдірді. "Біз Юлия Тимошенкоға қатысты істі үлкен алаңдаушылықпен қадағалап отырмыз. Осыны біз Украинаға айттық", - деді Эштон.

Ал Беларуське қатысты мәлімдемесінде Эштон "елдегі барлық саяси тұтқындар босатылуы тиіс" деп атап көрсетті.