Нью-Йорк пен Вашингтонда қауіпсіздік күшейтілді

АҚШ полициясы қауіпсіздікті күшейтті. 9 қыркүйек 2011 жыл.

АҚШ астанасы Вашингтон мен Нью-Йорк қаласындағы билік орындары қауіпсіздікті күшейткендерін мәлімдеді.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған лаңкестік шабуылдардың 10 жылдығында "Әл-Қаида" жаңа шабуылдарды ұйымдастыруы мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылды.

Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Әл-Қаиданың Нью-Йорк пен Вашингтонды нысанаға алуы мүмкіндігі туралы бұл "нақты бірақ расталмаған хабарды" билік орындары тексеріп жатыр деп атап көрсетті.

"Қыркүйекің 11-де лаңкестік шабуыл қауіпі бар екені ешкімді таң қалдырмауы тиіс", - деді Клинтон.

Жексенбі күні АҚШ үш мыңға жуық адамның өмірін қиған лаңкестік шабуылдардың он жылдығын атап өтеді. 2001 жылғы террорлық шабуылдарға байланысты жауапкершілікті "Әл-Қаида" ұйымы өз мойнына алған болатын.