Кенияда құбыр жарылып 100-ден аса адамның өмірін қиды

Кения астанасы Найроби полициясы хабарлағандай, өртеніп жатқан құбырдан жанармай алмақ болған 100-ден аса адам күйікке шалынып қаза тапты.

Тұрғындар құбырдан ағып жатқан мұнайды құйып алмақ болғанда, жарылыс болған. Жарылыстың неден болғаны белгісіз.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, жалынды басуға тырысқан.