"Әл-Қаида" ұйымы 2001 жылғы 11 қыркүйекте жасалған террорлық шабуылдарға он жыл толуына орай интернет арқылы жаңа мәлімдеме таратты.
Дүйсенбі күні діни экстремистік кейбір сайттарда пайда болған жазбада биыл мамыр айында АҚШ әскери тобы өлтірген "әл-Қаида" ұйымының бұрынғы көсемі Усама бин Ладенге қатысты бұған дейін көрсетілмеген видео және "әл-Қаиданың" жаңа жетекшісі Айман Зауахиридің аудио мәлімдемесі жарияланған.
11 қыркүйек оқиғаларының он жылдығы қарсаңында АҚШ үкіметі Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларына жаңа террорлық шабуылдар болып қалу қаупі барын ескертіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген еді.