"Ақ жол" желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын атап өтуді ұсынуда

"Ақ жол" партиясының қазіргі төрағасы Азат Перуашев.

Қазақстанда желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын атап өту жөнінде қоғамдық комитет құрылды."Ақ жол" саяси партиясының жетекшісі Азат Перуашев бұл бастаманы елдегі белгілі деген азаматтар мен белсенді қоғамдық ұйымдар қолдады деді.

Оның пікірінше, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік шараларда, осы тәуелсіздікке қол жеткізуге нағыз үлес қосқан оқиға мен оған қатысқан адамдарға құрмет көрсетілуі керек.

1986 жылы желтоқсанның 16-17 күндері қазақ жастары алаңға шығып, Қазақстан басшылығына Геннадий Колбиннің келгеніне наразылық танытқан. Совет режимінің күш құрылымдары жастарды аяусыз басып-жаншып, көтерілістен кейін көптеген студент оқудан шығарылып, қудаланған.