Қырғызстанда этникалық қақтығыстағы 21 құрбанның кім екені әлі белгісіз

Қырғызстандағы этникалық қақтығыс құрбандарын еске алып, құран бағышталды.

Қырғызстанның оңтүстігінде өткен жылы болған этникалық қақтығыста қаза тапқан 21 адамның мәйіті кімдікі екені әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қыметі хабарлады.

Қырғызстанның вице-премьері Ибрагим Жунусов бүгін Бішкектегі журналистерге айтқанында, Қытай мен Ресейдегі лабораториялар ДНК сараптамасын жасағанымен, мәйіттердің кімдер екенін анықтай алмады деген.

Жунусовтың айтуынша, Ош пен Жалалабад қалаларындағы өзбектер мен қырғыздар арасындағы маусым қақтығысы кезінде 447 адам қаза тапқан. Бірақ ол қақтығыстан кейін хабарсыз кеткен адамдар тізімін айтпады.

Бұл қақтығыста мыңдаған адам жарақат алып, он мыңдаған кісі босып кеткен. Қаза тапқан, жараланғандардың көбісі этникалық өзбектер екені айтылған.