Грекия премьері қаржы дағдарысына қатысты АҚШ-қа бармайтын болды

Грекия премьер-министрі Георг Папандреу.

Грекия премьер-министрі Георг Папандреу АҚШ-қа жоспарланған сапарын елдегі күшейе түскен қаржы дағдарысын реттеу үшін кейінге қалдырды.

Папандреу БҰҰ Бас ассамблеясы мен Халықаралық валюта қорының Нью-Йорктегі жиындарына баруы керек болған. Бірақ Грекия билігінің өкілдері Папандреудің оның орнына елдегі қарыз дағдарысына қатысты мәселелерді шешуін дұрыс көрген.

Грекия қарыз проблемасын шешуге Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан 8 миллиард еуро алу үшін қажетті талаптарды орындауы тиіс.

Екі жақтан қаржылай көмек алғалы отырған Грекия үкіметі миллиардттаған еуроны алу үшін елде дефольт болдырмайтындай шараларды жүзеге асыруы керек.