АҚШ президенті Барак Обаманың Конгреске жылдық табысы бір миллион доллардан асатын азаматтарға салық көлемін ұлғайтуды ұсыну ойы бар.
Ақ үйдің атын атамаған өкілінің сөзіне қарағанда, бұл қадам бюджет тапшылығын төмендету бағытында АҚШ президенті дүйсенбі күні жариялайтын шаралардың бірі болмақ.
Обаманың мақсаты – дәулетті адамдарға салынатын салық көлемінің орта тап өкілдеріне салынатын салықтан аз болмауына қол жеткізу.
Қазір түрлі салық жеңілдіктерінің арқасында салық төлеуші байлар артықшылық жағдайда.
Обаманың оппоненттері - республикалықтар салықтың қандай да түрін арттыруға қарсы, олар бюджет тапшылығын мемлекет шығындарын азайту арқылы жоюды ұсынады.