«Сименс» ядролық өнеркәсіп саласынан кететінін мәлімдеді

Көрнекі сурет.

Электротехника және энергетика саласының құрал-жабдықтарын шығаратын германиялық «Сименс» концерні ядролық саладан кететінін мәлімдеді.

«Шпигель» журналына берген сұқбатында концерннің атқарушы директоры Петер Лёшер бұндай шешім - ядорлық отын түрінен бас тартуды қолдайтын Германия азаматтарының үндеуіне жауап деп мәлімдеген.

Сонымен бірге Петер Лёшер осындай шешімнен соң ресейлік «Росатом» корпорациясы мен «Сименс» арасындағы бірлескен жоба да өзгеретіндігін айтқан.