Президент Назарбаев Лондонға барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні АҚШ-тан Ұлыбритания астанасы Лондонға аттанды. Бұл туралы қазақстандық ресми ақпарат құралдары хабарлап отыр

Президент Назарбаев Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 66-сессиясына қатысып сөз сөйлеген еді.

Сондай-ақ, ол бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізген.