Израиль Грузияда қамауда отырған екі азаматына ол елдің билік орындары қатыгездік танытты деп, Грузияны айыптады. Израильдің Тбилисидегі елшілігі осы мәселе бойынша наразылық хатын Грузияның бірнеше министрлігіне жолдағанын мәлімдеді.
Әйткенмен, қамауда отырғандарға нақты қандай қатыгездік жасалғаны туралы ашып айтылмайды.
Израильдің екі азаматы - Рон Фукс пен Зив Френкель Грузияның жоғары лауазымды шенеунігін пара беріп сатып алмақ болған деген айыппен қамауда отыр. Ол екеуі грузин билігінің "құрған қақпанына түсіп қалғандарын" айтса, Грузия билігі олардың сөзін жоққа шығарады.