Нобель сыйлығының иегері кениялық Вангари Маатаи өмірден өтті

Вангари Маатаи (сол жақта) Лоренцо Натали сыйлығын табыс ету рәсімінде. Страсбург, 15 қараша 2008 ж.

Кенияның астанасы Найроби қаласындағы ауруханада 71 жасында Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Вангари Маатаи қайтыс болды. Ол қатерлі ісік дертімен ауырған.

Мамандығы бойынша биолог Вангари Маатаи қоршаған ортаны қорғау белсендісі әрі құқыққорғаушы ретінде жұртшылыққа танымал болды. Ол Африка құрлығын шөл далаға айналудан сақтап қалуға бағытталған ондаған миллион ағаш отырғызу науқанын басқарып, "Жасыл белдеу" қозғалысының негізін қалады. Кения парламентінің мүшесі болып сайланды.

2004 жылы Вангари Маатаи Африка әйелдерінің арасынан тұңғыш рет Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болған еді.