Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының адамдық өлшем бойынша кеңесі өтіп жатыр. Бүгінгі мәжілісте Орталық Азиядағы жағдай талқыланып отыр.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның хабарлауынша, жиында Еуропа мен Азияның құқық қорғаушы ұйымдарының бірлескен мәлімдемесі қаралады.
Бюроның мәліметінше, құқық қорғаушылар Қазақстан билігіне бірқатар ұсыныстар жасаған. Атап айтқанда, елдің батысында ереуілдеп жатқан мұнайшылар мен олардың қорғаушылары қудаланбауы керектігі айтылған. Бұға қоса, аталмыш ұсыныстарда "Лайф Джорнал" блог-платформасына енгізілген шектеулер алынып тасталуы тиіс және құқық қорғаушы Евгений Жовтистің мерзімінен бұрын босатылуы туралы арызы қаралуы керек делінген.