Муаммар Каддафидің өкілі Мұса Ибрагим ұсталды

Мұса Ибрагим. Триполи, Ливия, 31 наурыз 2011 ж.

Бүгін бірқатар агенттіктер Ливияда елдің биліктен тайдырылған бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің өкілі Мұса Ибрагимнің ұсталғаны жөнінде Ұлттық өтпелі кеңес армиясының басшылығы хабарлағаны туралы ақпарат таратты.

Деректерге қарағанда, үстіне әйелдің киімін киген Мұса Ибрагим Каддафидің туған жері - Сирт қаласының маңында қолға түскен.

Каддафи режимінің ресми хабарларын БАҚ өкілдеріне жариялап келген Мұса Ибрагим соңғы рет эфирден Триполиде билік көтерілісшілердің қолына ауысқан кезде көрінген еді.

Қазір Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің қарулы күштері әзірге Каддафи жақтастарының қолында қалып отырған Сирт қаласын қоршап тұр.