Бүгін Пәкістанның оңтүстік-батысында бүлікшілер шабуылынан кемінде 12 кісі қаза тауып, алты адам жараланған. Қаза болғандардың 11-і шийт, біреуі – сүннит екендігі айтылып отыр.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, бүлікшілер Белуджистан провинциясының орталығы Куетта қаласына кетіп бара жатқан автобусты тоқтатып, ондағы жолаушыларға көліктен түсіп, қатар тізіп тұруды бұйырған. Бұдан соң оларға қарудан оқ жаудырған.
Бұл шабуылға қатысты жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
Өткен айдың 20-сында дәл осы Белуджистан провинциясында шийттер мінген автобусқа белгісіз біреулер оқ жаудырып, 26 адамды мерт еткен еді.
Пәкістан тұрғындарының басым көпшілігі – сүнниттер.