Жаңа Зеландия жағалауды мұнайдан тазартуға дайындалып жатыр

Теңізге мұнай төгілгеннен қырылған балықтар. (Көрнекі сурет)

Жаңа Зеландия тарихында бұған дейін мұндай апат болған емес деп мәлімдеді бүгін осы елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Ник Смит.

Оның айтуынша, өткен сәрсенбі күні теңіз рифіне соқтығысып қалған кемеден теңізге 350 тоннаға дейін мұнай ақтарылған. Ауа райының қолайсыздығы теңіз бетіндегі мұнайды жинап алу жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр еткен.

Жаңа Зеландиядағы Солтүстік аралының жағажайына 300 әскери қызметкер жіберілген. Оларға теңізге төгілген мұнай жағаға келіп жеткен кезде оны жинап-тазарту жұмыстарын атқару жүктелген.