АҚШ күштерінің Ауғанстанға кіргеніне 10 жыл толды

Ауғанстанда әскери жорықта жүрген АҚШ сарбаздары. 26 тамыз 2011 жыл.

АҚШ қарулы күштерінің Ауғанстанға кіргеніне бүгін тура он жыл толды.

Бұл операцияға 2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуыл түрткі болды. Сол кезде Ауғанстанның басым бөлігін басқарып тұрған тәліптер АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылдарды ұйымдастырған "әл-Қаида" ұйымының көсемі Усама бин Ладенді АҚШ заң орындарына беруден бас тартқан еді. АҚШ Ауғанстандағы Солтүстік альянс күштерімен бірлесіп арнайы операция бастап, көп ұзамай тәліптер билігін құлатқан.

Алайда өткен он жылдың ішінде елде жағдай тұрақтанған жоқ. Тәліптер мен оларды қолдайтын топтардың террорлық шабуылдары салдарынан көптеген жазықсыз адам қаза болды.

Қазір тәліптерге қарсы Ауғанстанда тұрған 140 мың адамдық шетелдік қарулы күштер күресіп жатыр. Бұлардың басым көпшілігі - АҚШ әскері.

Өткен он жылдың ішінде Ауғанстанда 2700-ге жуық шетелдік сарбаз қаза тапты, олардың жартысынан астамы - америкалық жауынгерлер.