Павлодардың №2 сотында қаладағы мемлекеттік педагогика институтының бұрынғы ректоры Жанмырза Нұрмағамбетовтың үстінен қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Павлодар облыстық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы ректорға өзінің жақын туысын, бұл жұмысты істемейтінін біле тұра, кафедра доценті ретінде қызметке қабылдап, 3 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған деген айып тағылған.
Жанмырза Нұрмағамбетов Павлодар мемлекеттік педагогика институтының ректоры қызметінен биыл ақпан айында Қазақстан білім және ғылым министрінің бұйрығымен босатылған еді.