Ақын Тұманбай Молдағалиев өмірден озды

Қазақстан поэзиясында өзіндік орны бар белгілі ақын Тұманбай Молдағалиев 76 жасында дүниеден өтті.

Ол тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранын жазған авторлардың бірі. Молдағалиев 2008 жылы Физули атындағы түрік әлемінің халықаралық сыйлығын иеленген.

Ақынның шығармалары қамтылған 40-тан астам кітабы жарық көрген.