«Амнести интернешнл» халықаралық ұйымы әлем лидерлерін қаруды бейбіт шеруге шыққан халыққа қарсы қолданудың қайталануына жол бермеу үшін қару-жарақ экспортына бақылауды күшейтуге шақырды.
Бұл мәлімдеме Африка мен Таяу Шығыстағы мемлекеттерде үкіметке наразы халық толқулары туралы «Амнести интернешнл» ұйымының дайындаған баяндамасымен байланысты болып отыр. Құқық қорғаушылар жаппай наразылыққа шыққан халыққа қарсы жұмсалған қару-жарақтың кейбір түрлері кезінде АҚШ пен Франция сияқты, қазірде осы шерушілерді ашық қолдап отырған мемлекеттерден сатып алынғанын атап көрсеткен.
Құқық қорғаушылар 2005 жылдан бері Египет, Ливия, Йемен, Сирия және Бахрейн елдеріне сатылған қару-жарақ туралы деректер келтіреді. Сондай-ақ экспортқа қару-жарақ шығаратын елдер қатарында Болгария, Германия, Ресей және Чехия аталған.