Ресей президенті Дмитрий Медведев интернеттегі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына да өзі жазатын болады. Бұл туралы ол өткен түнде Twitter желісіндегі шағын блогында жазып хабарлаған.
"Енді Фейсбукқа да жазуды ұйғардым. Оқыңыздар!" - деп жазған Ресей басшысы.
Twitter желісіндегі шағын блогын президент Медведев 2010 жылы маусым айында АҚШ-тағы әйгілі Кремний алқабында болғанда бастаған еді.
Ал сонымен бірге Facebook сайтында Дмитрий Медведевтің дербес парақшасының ашылғанына біраз уақыт болғанымен, осы кезге дейін Медведевтің өзі онда ештеңе жазбаған.