Солтүстік Кореямен келіссөздің алғашқы күні АҚШ-тың көңілінен шықты

АҚШ-тың Солтүстік Корея жөніндегі арнайы өкілі Стивен Босуорт. Токио, 22 қараша 2010 ж.

Ядролық қарусыздану мәселесі жөнінде Солтүстік Кореямен Женевада өтіп жатқан екіжақты келіссөздердің алғашқы күні АҚШ тарапының көңілінен шықты.

Екі күнге жоспарланған келіссөздерге қатысып отырған АҚШ делегациясының басшысы Стивен Босуорт екі тараптың кейбір даулы мәселелер бойынша ұстанымдары бұрынғыдан жақындап, диалогтың "позитивті бағытта" өрбігенін атап өтті.

Бұл соңғы үш айда АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы екінші кездесу болып отыр. Бұған дейін Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Кореялар, Қытай, Жапония және Ресей қатысқан алтыжақты келіссөздерден Солтүстік Корея 2009 жылы көктемде шығып кеткен еді.

Сондай-ақ, Вашингтон да Пхеньян өзінің ядролық келіссөздеріне қатысты айқын міндеттемелерді қабылдамайынша, алты жақсы келіссөздерге оралмайтынын айтқан.