Түркиядағы зілзала құрбандары 366 болды

Зілзала болған 47 сағаттан кейін табылған екі айлық бала. 25 қазан. 2011

Түркия билігі жексенбі күнгі болған зілзала құрбандарының саны 366-ға жеткенін айтып, тағы 1300-дей адам жараланған деп отыр.

Қуаты 7,2 балл күшінде болған жерсілкінісінен 2,660 ғимарат қирап, мыңдаған адам қатты зардап шекті. Зілзаланың ошағы Ван және Ержиш қалаларында ғимарат қирандыларын аршу жұмыстары өткен түні де жалғасты.

Бүгін табиғат апаты болған 47 сағаттан кейін екі айлық сәби үйінді астынан тірі табылды. Мыңдаған халық екінші түнді суық далада өткізді. Көбісі жерасты дүмпулерінен қорқып, көліктеріне қонып шыққан.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған Түркияның зілзала зардаптарын жоюға әзірге мүмкіндігі жетеді, халықаралық көмектер қажет емес деді.