Парламент АҚШ-тың арнайы жүктеріне байланысты заңды мақұлдады

Қазақстан парламентінің ғимараты. Астана, 27 қазан, 2011 жыл.

Бүгін парламент сенаты Қазақстан аумағы арқылы темір жолмен АҚШ-тың арнайы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы заң жобасын мақұлдады.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигаловтың айтуынша, заң жобасы бұған дейін жұмыс істеп келген Өзбекстанмен шекарадағы "Сарыағаш-Келес" шекаралық өткізу бекетіне қосымша арнайы жүктерді тасымалдау үшін "Бейнеу-Қарақалпақ" өткізу бекетін ашуды қарастырады. Ол сондай-ақ жүк тасымалдаудың ақылы түрде жүзеге асатынын да айтты.