Ресей: Қазақстан өзендегі апатты жағдайды кеш ескертті

Ресей Шығыс Қазақстандағы Секисовка өзенінің ционид қышқылымен ластанған суы 12-13 қараша күндері Омбы облысына жетеді деп отыр.

Ресей төтенше жағдайлар жөніндегі Сібір департаментінің өкілі Олеся Енинаның сөзіне қарағанда, Ресей төтенше жағдайдың алдын-алу шараларын қарастыруға дайын. "Алайда Қазақстан жағы Ресейге қазанның 29-ы күні алтын өндіретін зауытта болған апат жайлы тек қарашаның 2-сі күні ғана ескертті" дейді Олесь Енин.

Қарашаның 2-сі күні Шығыс Қазақстан облысындағы Секисовка өзеніне Глубокое ауданындағы жергілікті алтын өндіретін зауыттан өндірістік улы зат төгілгеннің кесірінен судағы цианид қышқылы рұқсат етілген мөлшерден 516 есе асып кеткені хабарланған.