Бүгін Қырғызстандағы президент сайлауында жеңіліске ұшыраған үміткерлер Қамчыбек Ташиев пен Адахан Мадумаровтың Ош қаласындағы жақтастары, шамамен 300-дей адамның шеру өткізіп жатқаны хабарланды.
Сондай-ақ 15-тей наразылық танытушы әйел облыстық әкімшілік ғимаратына жергілікті билік өкілдерімен сөйлесуге кіріп кеткен.
Ал Жалалабад қаласында әкімшілік ғимаратынының алдына екі киіз үй тігілген.
Жиналғандар президент сайлауын әділетсіз болды, бұрмаланды деп айыптап, сайлау нәтижелерін жоққа шығаруды және Алмазбек Атамбаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Алайда екі қалада да жергілікті халықтың көпшілігі бұл наразылық танытушыларды қолдап отырған жоқ.
Қырғызстанда өткен сайлауда Алмазбек Атамбаев сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын жинап, жеңіске жеткен.