Первез Мушарраф Ауғанстан басшысын айыптады

Первез Мушарраф Вашингтондағы Халықаралық бейбітшілік жөніндегі Карнеги қорында сөз сөйлеп тұр. 26 қазан, 2011 жыл.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Первез Мушарраф Ауғанстан президенті Хамид Карзайды Үндістанмен бірлесе одақ құруға кірісе бастағаны үшін айыптады.

2001-2008 жылдар аралығында Пәкістанды басқарған Первез Мушарраф Ағанстанға Үндістандыкіне бара-бар көмек ұсынғанын, бірақ Кабулдың одан бас тартқанын айтты. Ол Карзайға адамдарын Нью-Делиге емес, Исламабадқа жіберуді ұсынып, "өзі иілгенін" айтады. Оның ойынша, АҚШ-тың Ауғанстаннан 2014 жылға дейін өз әскерін әкетуі Кабулды Үндістанмен жақындаса бастауға мәжбүрлеп отыр.

Үндістан осы айдың басында соғыстардан зардап шеккен Ауғанстанға көмек ретінде 2 миллиард доллардан астам қаржы берді, стратегиялық серіктес болу туралы құжатқа қол қойды.