Бүгін Ауғанстанның шығысындағы, Пәкістанмен шекаралас Пактика провинциясында коалиция мен ауған күштерінің тәліптермен атысы кезінде 60-қа тарта тәліп сарбазы өлтірілді деп хабарлады провинцияның билік өкілдері.
Қақтығыс Пактика провинциясының Бармаль ауданында НАТО басқаруындағы коалициялық күштердің базасына тәліптер шабуыл жасаған кезде болған.
Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің өкілі тәліп сарбаздары бекінген екі ғимаратқа күйрете соққы беріп, қиратқанын айтты.
Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.