Босния радикалды исламды ұстанатын үш адамды соттады

Босния мен Герцеговинаның конституциялық соты. Сараево. 13 қазан, 2011 жыл.

Босния соты 2007-2008 жылдары Балқан елдерінде жарылыстар жасауды жоспарлаған радикалды исламды ұстанатын үш адамды 4 жылдан 12 жылға дейін соттады.

Рижад Рустемпаши басқарған үш адамға Боснияның православияны ұстанатын сербтері мен католиктікті ұстанатын хорваттарға қарсы шабуылдар жасау үшін топ құрды деп айып тағылды. Олар сондай-ақ Еуропалық одақтың бейбітшілік сақтаушы күштеріне де шабуыл жасамақ болған.

Бұл үкім Боснияның астанасы Сараево қаласында исламшыл адамның АҚШ елшісіне оқ атқанынан екі апта өткеннен кейін шығып отыр.