Йеменде тұтқында отырған Францияның үш азаматы босатылды

Йеменнің картасы.

Франция президенті Николя Саркози Йеменде тұтқында отырған Францияның гуманитарлық көмек көрсетумен айналысатын ұйымының үш азаматы босатылғанын хабарлады.

Францияның үш азаматы - екі әйел мен бір ер адамды мамыр айында Йеменнің оңтүстік-шығысындағы Хадрамаут провинциясында ұрлап әкеткен болатын. Кейбір мәліметтер аймақта "Әл-Қаида" ұйымы белсенді әрекет етеді, француздарды осы ұйым ұрлап әкетіп, Париж билігінен бірнеше миллион АҚШ долларын талап етті дейді.

Соңғы 15 жылда Йеменде ондаған шетелдік азамат ұрланып, олардың көпшілігі аман-есен босап шықты.