Қарашаның 19-ы күні Каирдің Тахрир алаңында қауіпсіздік күштерінің шерушілерді қуып таратуы кезінде кемінде 10 адам қаза тапты.
Демалыс күні полиция мен әскерилер резеңке оқ атып, газ қолданған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сенбі күні кемінде екі, жексенбіде он адам қаза тапқан. 1700-ге жуық адам жараланған.
Шеруге шыққандар әскери билікті азаматтық үкіметтің қолына тапсыруды талап еткен. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік мәселесі бойынша өкілі Кэтрин Эштон биліктен шерушілерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды және елді демократияландыруды талап етті.
Қақтығыс қарашаның 28-інде елде өтетін парламент сайлауына бір аптадан аса уақыт қалғанда басталды. Наразылық бүгін де жалғасып жатыр.