Қарағандыда ұшақ зауыты ашылды

"Эйрбас" ұшағының үлгісі. Көрнекі сурет.

Қарағандыда бүгін ауылшаруашылығында қолданылатын ұшақ жасайтын зауыт іске қосылды деп хабарлайды Қазақстан президентінің веб-сайты.

"Сұңқар" зауыты келесі жылдан бастап ауылшаруашығында қолданылатын "Фермер-2" және "Фермер-500" ұшақтарын, ал 2012 жылы төрт адамға арналған "Сұңқар" ұшағын жасай бастайды. 2015 жылға қарай мемлекеттің көмегі арқылы он адамдық "Экспедишн" ұшағы, одан кейін реактивті ұшақ құрастырылады деп хабарлайды сайт.