Түркияда бүгін күрд көтерілісшілерімен байланысы бар деген күдікпен ондаған адам тұтқындалды.
Түрік ақпарат құралдары Бурса, Измир, Стамбул және тағы бірнеше қалада тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы бар деген күдікпен 70 ке тарта адамның ұсталғанын хабарлады.
Елде соңғы бірнеше жылда жүздеген адам осындай айып тағылып қамауға алынды. Күрдістан жұмысшы партиясы Түркияға қарсы қарулы көтеріліс бастағанна бері 40 мыңнан астам адам қаза тапты. Түркия, АҚШ және Еуроодақ Күрдістан жұмысшы партиясын террористік ұйымның қатарына қосады.