"Азаптауға қарсы комитет": Беларусь тұтқындарды азаптайды

АҚШ-тың адам құқын қорғау ұйымы - "Азаптауға қарсы комитет" Беларусьті "тұтқындарды ұдайы азаптап, қинайды" деп айыптады.

Азаптауға қарсы комитет Беларусьтің құқық қорғау органдарының тұтқындарға қатысты өкілеттігін асыра пайдаланып, оларды азаптайтын жайттарды тергемей отырғанына алаңдаушылық білдірді.Ұйым сондай-ақ Беларусь өлім жазасына кесілген тұтқындардың отбасыларына ол жаза орындалған соң бірнеше аптадан кейін хабарлайды деген ақпаратқа қатысты да алаңдап отыр.

Беларусь - Еуропадағы қылмыскерлерге өлім жазасы қолданылатын жалғыз мемлекет.