Ресей сайлауға бақылау жасайтын ұйымды тексеріп жатыр

Ресейлік "Голос" ассоциациясының белгісі.

Ресейдің сайлауға бақылау жасайтын тәуелсіз "Голос" ассоциациясының басшысы Андрей Бузин өз ұйымының "сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат ережелерін бұзды" деген себеппен әкімшілік тұрғыда тексеріске ұшырап жатқанын айтты. Ал Мәскеу прокуратурасы өз веб-сайтында тексерісті сенат депутаттарының сайлау ережелерінің бұзылып жатқаны жөніндегі сұрауы бойынша жүргізіп отырғанын жазады.

"Голос" ассоциациясы бұған дейін барлық сайлау учаскелерінде сайлау заңдылықтарының бұзылып жатқаны туралы хабарлаған.