Ресейдің Сирияға қанатты зымырандар сатқаны хабарланды

"Яхонт" қанатты зымыраны. Көрнекі сурет.

Ресейдің "Интерфакс" агенттігі Мәскеудегі дипломатиялық ақпарат көздеріне сілтей отырып Ресейдің Сирия билігіне ұшаққа қарсы қолданылатын қанатты зымырандар сатқанын хабарлады. Бірақ ақпарат ресми түрде я расталып, я жоққа шығарылған жоқ.

Хабарларға қарағанда, Ресей Сирияға «Бастион» құрлықтық зымыран жүйесіне жататын «Яхонт» деп аталатын дыбыстан жылдам қанатты зымырандар сатқан. Зымырандардың саны мен бағасы белгісіз болғанымен, 300 миллион АҚШ долларына тең қару-жараққа келісім-шарт жасалған.

Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков ақпан айында Мәскеудің Израиль мен АҚШ-тың қарсылығына қарамастан Сирияға қару-жарақ сату келісімін орындайтынын мәлімдеген.

Ресей зымырандардың Сирияның бүкіл аумағын сырт елдердің шабуылынан қорғауға қауқарлы екендігіне сенімді.